Арипов Асылбек Риясыз махаббат

Исполнитель: Арипов Асылбек Длительность: 03:04 Размер: 3.53 МБ Качество: 192 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Арипов Асылбек — Риясыз махаббат"

Мен де сені өмір-ау жан тәніммен сүйгенмін,
Жүрек атты қоңырау елтіп күйгенмін.
Туған жердің шаңын да махаббатпен сіңіргем,
Естелік көп жадымда балғын күнімнен.

Өмірім балдай, көңілім қардай,
сенімім шамдай шын махаббат орнаса.
Реңім әрсіз, білегім әлсіз,
жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса

Анашыма еркелеп, әкешіме асылып,
Есейсем деп ертерек өстім асығып.
Үміт сыйлап әр кешке, жана берді көзімде от,
Парталас қыз қалды есте мөлдір сезім боп.

Өмірім балдай, көңілім қардай,
сенімім шамдай шын махаббат орнаса.
Реңім әрсіз, білегім әлсіз,
жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса

Асыл досқа назым бар, ғашық жарға сезім бар,
Балаларға сазым бар, жылы сөзім бар.
Олар барда өмір бар, күліп атар ақ таңым,
Бақыт деген менің бар махаббатарым.

Өмірім балдай, көңілім қардай,
сенімім шамдай шын махаббат орнаса.
Реңім әрсіз, білегім әлсіз,
жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса

Еще песни Арипов Асылбек

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)