Бекболат Тлеухан Алаш Ұраны

Исполнитель: Бекболат Тлеухан Длительность: 03:06 Размер: 4.99 МБ Качество: 256 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Бекболат Тлеухан — Алаш Ұраны"

Елім дегендер, қамын жегендер
Адал өрендер, намысы қайнағандар
Елі үшін, ары үшін.
Қайратын қайрағандар
Қазақтың бағы үшін.
Сақтан, алашым, иманың – жиғаның,
Байқа аңғалым, жат қылар жанашырды.
Дос қылар жаманды,
Әзәзіл-аярлар бар, айырар араңды.
===
Баю үшін бағын да сатқандар,
Тою үшін де тонын да, арын сатқан,
Құлданған санасы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Рухың кешегі, қайда қазағым?
Қайда барасың,
Мұңым сен, жатсам, тұрсам,
Жанымның ардағы.
Бауырлық бірлегенде,
Бағыңның орнауы.
===
Бойға сенім бере алсам деп едім,
Шемен-шеріңе дәруің болсам деп ем,
Уытты, қуатты.
Шыңыңа қонса ерлер, қырандай мұратты
Күндер өтер, жылдар жетеді, бәрі кетеді,
Жалынды жырым қалар,
Жаныңды тербеген.
Алдаспан айбарлы жыр
Жауыңа сермеген.
Қазақ елім, сүйеніш асқарым,
Қайсар қалпыңнан айныма,
Мұнарта бер, айбарлы асқағым.
Жауыңа мұң арта бер,
Серпілсін аспаның.
Серпіліп көк-аспаның,
Серпілсін санасы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.
Ел мен жер бізге аманат
Алаштың баласы.

Похожие песни

Еще песни Бекболат Тлеухан

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)