Жалгыз Ана

Исполнитель: Жалгыз Длительность: 05:20 Размер: 4.89 МБ Качество: 128 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Жалгыз — Ана"

Сағындым Жексенқұлым, Қосшықұлым
Өзекті жарып шыққан қос шыбығым
Қырық жыл аңыраған сорлы ананның
Зарына құлағынды тосшы бүгін 2 рет

Сендерге бәсіре деп өзі жоқта
Қырық жыл ен сап жүрмін қозы лаққа
Дайын тұр құрт-майында сеземін ғой
Бір тойын болады-ау деп осы жақта 2рет

Сендерсіз мына қу үй қыстай екен
Баласын жылан жұтқан құстай екем
Қырық жыл aңыраған үмітімді
Қалайша қанат қылып ұшпай өтем
Қырық жыл aрқалаған үмітімді
Қалайша қанат қылып ұшпай өтем

Жексенқұл, Қосшықұлмен шырақтарым
Малыңды алсаншы кеп санап бәрін
Анаңды жынды атаған болағайын
Әкетер көзім жұмсам талап бәрін 2 рет

Қара шаш аппақ бүгін қырау болды-ау
Дүние шектігі жоқ сұрау болды-ау
Әр күнім тойға арнаған малын бағып
Әр түнім ағыл-тегіл жылау болды-ау 2рет

Қызыл сай қырат-қырат белесі көп
Белесте қос боздақтың елесі көп
Білемін өлім бар ғой өле алмаймын
Өйткені мал-мүлкімнің егесі жоқ 2 рет

Көңілім онша неге қоңырлайды-ау
Торлап бір алғаны ма өмір қайғы
Ата су Аспараға сағындырған
Қос қозым неге келіп шомылмайды
Ата су сағындырған Аспараға
Қос қозым неге келіп шомылмайды

Мен қайда сендер жүрген қиыр қайда-ау
Бұл өмір белгісі жоқ, шиырлайма-ау
Егерде мәңгілікке көзімді жұмсам
Қос уыс топырағында бұйырмайма 2рет

Күн қайда терлеп ішер қызыл шайды-ау
Тер емес көздің жасы жүзімді шайды
Жексенқұл, Қосшықұлым кеп қалды ма
Аралап қайтайыншы қызыл сайды 2 рет

Kali

Похожие песни

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)