Гулнур Кенесбаева Жылама бала (Термелер Жинағы)

Исполнитель: Гулнур Кенесбаева Длительность: 03:35 Размер: 3.36 МБ Качество: 128 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Гулнур Кенесбаева — Жылама бала (Термелер Жинағы)"

Жылама бала
Мұңайма бала, қайғырма бала
Өмірге қанат жайдың ба жаңа
Әнімді менің, жанымды менің
Жарқырап жатқан айдынға бала
Әнімді менің, жанымды менің
Жарқырап жатқан айдынға бала

Өксіме бала, өкінбе бала
Қалқыма судың бетінде ғана
Талабың егіз, тағдырың теңіз
Жағаға талпын, жетуге жаңа
Талабың егіз, тағдырың теңіз
Жағаға талпын, жетуге жаңа

Құлама бала, жылама бала
Жылаған жүрек жұбана ала ма?!
Арманға жетпей, жалғаннан өткен
Данышпандар да-ай, ғұламалар да
Арманға жетпей, жалғаннан өткен
Данышпандар да-ай, ғұламалар да

Арыма бала, налыма бала
Күш қуат берсін, жаныңа Аллаһ
Құлыным әмән, жүрсін деп аман
Жаратқанға мың жалынады ана
Құлыным әмән, жүрсін деп аман
Жаратқанға мың жалынады ана

Егілме бала, езілме бала
Күйректе күйкі сезімге бола
Берілме беркін, жеңілсін дертің
Еркін де сертін өзіңде ғана
Берілме беркін, жеңілсін дертің
Еркін де сертін өзіңде ғана

Скачать Гулнур Кенесбаева - Жылама бала (Термелер Жинағы) №91066344

Информация
Похожие песни не найдены.
0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)