Каракат Балапан қаз (Халық әні) (Елим Ай)

Исполнитель: Каракат Длительность: 02:55 Размер: 4.02 МБ Качество: 192 kbit/sec Формат: mp3
Ну как песня, понравилась? Поделись с друзьями!

Текст песни "Каракат — Балапан қаз (Халық әні) (Елим Ай)"

Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Ебісіп құлын-тайдай ойнаған жер.

Қайырмасы:
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.

Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.

Қайырмасы:

Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.

Қайырмасы:
Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.

Қайырмасы:

Еще песни Каракат

0:00 0:00

Заголовок проигрывателя Подзаголовок проигрывателя

(режим воспроизведения)